Қарағандыда далада түнеуге мәжбүр болған балалар үйінің тәрбиленушісі халыққа алғыс білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Балалар үйінің түлегі Виктор Ахрамов қазақстандықтарға алғысын білдірді. Ол туралы жаңалықтарда жаппай айтыла бастаған соң ер азамат жұмысқа орналасып, баспананлы болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаны «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Виктор

24 жастағы Виктор Ахрамов төрт күн бойы үйлердің кіреберістерінде түнеп жүрген. Ал күні бойы жергілікті әкімдіктің алдын торуылдапты. Ондаға мақсаты — балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілеріне биліктің назарын аудару. Сөзінше, үйге деген кезек сол орнында ілгері жылжымай қалып қойған. ТЖ-ға дейін автобус кондукторы болып жұмыс істеген Виктор автопарктің жатақханасында тұрып келген. Бірақ бір апта бұрын Қарағандыда қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылып, жатақхана жабылыпты. Панасыз қалған ол туралы БАҚ-та айтылғаннан кейін жүздеген адам оған көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізіпті. 

«Көп адамдар хабарласып, көмектескісі келетіндігін айтып жатыр. Қазір қайтадана автопарктегі жұмысыма қайта оарлдым. Сол жақта баспана тағайындады. Барлықтарыңызға алғысым шексіз», — дейді Виктор Ахрамов. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда балалар үйінің тәрбиеленушісі бір сағатта карантиннің салдарынан панасыз атанғаны жайлы айтылған болатын.

stan.kz