Қарағандыда балалардың улануына қатысты ата-аналар пікір білдірді
Ата-аналар Қарағандыдағы арнайы мекемеде тәрбиешілер тарапынан орын алған заң бұзушылықтар мен жаппай улану туралы өз нұсқаларын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі КТК-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды арнайы мектеп-интернатынан ауруханаға жатқызылған балалардың барлығында бірдей белгілер байқалады: дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту. Денсаулық сақтау министрлігінде оқиғаның нақты нұсқасы болмаса да, 1 тамызда мекемеге кіргізілмеген ата-аналар өз нұсқаларын алға тартты. Олардың айтуынша, науқастардың арасында толық жетімдер де бар.
«Олар дезинфекциялау құралын шаймен шатастырған. Балалар шөлдеп, соны ішкен болуы мүмкін. Сосын барлығы ауруханаға түскен. Олар суды үнеммі краннан ішеді. Оларда ақша жоқ», — деді ата-аналардың бірі.
«Мен аяқ киімімді шешіп, ішке кірдім. Балалардың арбада айнала отырғанын, қолдары байланғанын және теледидар қарап отырғанын көрдім. Орталықтағылар балаларға қарамайды», — деді тағы бір ана.
Шенеуніктер орталықтағы балалардың қараусыз қалғанын жоққа шығарып отыр. Орталықта 115-ке жуық камера бар екенін, тұрақты тексерулер жүргізіліп, мереке күндері қарайтын маманды алмастыратын адам табылатынын айтты.