Қарағандыда әжесі, анасы мен қызы сіріңкенің кесірінен көз жұмды
Қарағандыда екі әйел мен бір бала үйден шыққан өрт салдарынан мерт болды.
Фото: d.digests.nhub.new
16:04 16.11.2018
Өрт сөндірушілердің айтуынша, бүлдіршін ойнап отырып байқаусызда сіріңкемен от жағып жібергендіктен үйде өрт шыққан, деп хабарлайды Stan.kz.
Қыз бала 6 жаста болған. Әжесі 56 жаста, қызы 28 жаста болды.
“Өрт сөндіругшілер қыздың қолында сіріңке болғанын айтқанда біз жылап жібердік”, – деді тұрғын Татьяна Кириченко.
Айта кетейік, төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өрт екі пәтерлі бірқабатты үйде болды. Көрші тұрғындарды сыртқа шығарып үлгерді. Өртті 24 қызметші мен 4 техникалық құрал сөндірді.