Қарағандыда автобус жеңіл автокөлікпен соғысып, үш адам мерт болды — новости Казахстана
Бүгін «Сарань-Қарағанды» жолаушылар автобусы «Фольксваген» жеңіл автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан үш адам мерт болып, үш адам ауыр жарақат алды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Жол апаты Ақтас ауылының маңында болған. Оқиға орнында «Фольксваген» көлігіндегі екі жолаушы көз жұмса, үшіншісі ауруханада қаза тапқан.
«Ота жасап жатқанда үшінші жәбірленуші қаза тапты. Үш жәбірленуші амбулаториялық емдеуге жіберілді», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.
Қазір оқиға орнында жол-патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеуде.
«Біздің көз алдымызда жедел жәрдем қызметі «Фольксваген» жүргізушісін ауруханаға алып кетті. Автобус жүргізушілері де зардап шекті», — дейді оқиға куәгерлері.
Автобус жолаушылары басқа қоғамдық көлікке ауыстырылды.