Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып, өмірін қиды: Жүргізушісі қылмыстық жауапқа тартылмады
Қарағандыда базар маңында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісі қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы былтыр 2 қарашада Бұқар Жырау даңғылында, “Шығыс” аялдамасы маңында болған еді. Кейінірек әлеуметтік желілерде жаяу жүргіншіні қалай басып кеткені туралы видео пайда болды, онда қаза болған қарағандылық автобустың астына өзін тастап жіберген. Қайғылы оқиға болған сәтте жолаушылар толы көлік Оңтүстік Шығысқа бағыт алған.
Біз қажет автотехникалық сараптамалар, тергеу эксперименттерін жүргіздік. Желіден, бақылау камераларынан осы жол-көлік апаты таспаланған бейнежазбаны алдық. Жүргізілген тергеу амалдары мен сот сараптама қорытындысы бойынша автобус жүргізушісі бұл жағдайдың, жаяу жүргіншіні қағып кетудің алдын ала алмайтын еді деп шешім шығарылды. Прокуратураның келісімімен қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылды”, – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы Санжар Әділов.
Еске сала кетейік, Қарағандыда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылған. Автобустың 39 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан, ал қаза болған азаматтың жасы 45-те еді.
Бұған дейін Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 14 адам зардап шеккенін хабарлаған едік.