Қарағандыда әуе апатында екі адам көз жұмды
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Азаматтық авиация комитетінің алдын ала мәліметіне сәйкес, әуе кемесінің экипажы көз жұмған
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Әуе апаты бүгін Қарағандыдағы оқу-жаттығу кезінде болған. Азаматтық авиация комитеті төтенше жағдайдың мән-жайын хабарлады.
«Сағат 16.25-те оқу-жаттығу кезінде Балапан аэродромында FK14 Полярис әуе кемесі апатқа ұшырады», — деп хабарлады ведомство.
Алдын ала мәлімет бойынша 2 адам (экипаж) көз жұмған.
sputniknews.kz