Қарағандыда әскер қатарына жаңадан алынған сарбаздар Отан алдында ант берді
Фото: karaganda-region.gov.kz
Астана, BAQ.KZ. Қарағандылық 31775 әскери бөлімінде «Астана» аймақтық қолбасшылығының жаңа сарбаздары ант берді. Отаны мен халқына адал қызмет етуге осыдан бір ай бұрын әскер қатарына келген 50 сарбаз ант етті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Жас жігіттерді бұл салтанатты шарамен құттықтауға қолбасшылықтың ардагерлері мен басшылығы жиналды. Ант беру шарасын тамашалауға әскерилердің ата-аналары мен туған-туыстары жиналды.
«Қазір жігіттер сапта батыл жүреді, жалпы әскери жарлықтардың негізгі талаптарын біледі. Іскери іс-әсекеттермен олар бір жыл аралығында танысып, үйренетін болады. Оларды қарудан оқ атуға, әскери көліктерді жүргізуге, әскери және денешынықтыру бойынша нормативтерді үздік ағаға тапсыруға үйретеді», — деді 31775 ә/б командирінің орынбасары Алтай Тәшкеев.
Әскери қызметкерлері қол жекпе-жегі және қарумен сапта күресу әдістерін көрсетті. Қонақтар үшін іскери бөлім ішінде экскурсия ұйымдастырылды: ата-аналар олардың ұлдары қандай жағдайда өмір сүріп жатқандарын көріп қайтты.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ