Қарағандыда алты жасар бала 119 жыл «өмір сүрген» — Ел жаңалықтары
Қарағандыда жергілікті мекен жайы бойынша алты жасар баланы 1899 жылы 30 желтоқсанда тіркелді деп жазып жіберген. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ІІМ өкілдері мұндай мәліметтердің автоматты түрде АХАЖ жүйесі арқылы мекен-жай базасына ЖСН арқылы кіріп кеткенін айтады.
«Сонымен қатар, дерек бойынша оның мекен жайы болмаған соң, ақпараттық жүйе автоматты түрде бастапқы мерзімді, яғни 30.12.1899 жылды көрсеткен. Осы орайда кәмелетке толмаған баланы мекен жай бойынша тіркеуге қою үшін ХҚКО-на бару керек. Өзімен бірге: туу туралы куәлік, өзінің жеке куәлігі,үй иесінің жеке куәлігі қажет. Баланы тіркеуге алу кезінде жазбаша хаттама толтыру үй иесінің көзінше жасалуы керек», — деді ведомство өкілдері.
ІІМ өкілдері жергілікті мекен жай бойынша тіркеуге тұрғаннан кейін, мекен жай анықтамасын 5-10 минуттың ішінде алуға болатынын айтады.