Қарағандыда әккі ұрылар іздестіріліп жатыр – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қос қылмыскердің кім екендігі әлі анықталмады. Бірақ олардың ұрлық істеген сәті дүкенде орнатылған бейнекамераға жазылып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Бет-жүзін тұмшалаған қос қылмыскер Қарағандыда 40 минут ішінде 3 дүкенді тонап кетті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қарақшылардың ұрлыққа түскен сәті дүкендерде орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бетперде мен қолғап кигендіктен ұрылардың жеке басы әлі анықталған жоқ. Ал бейнекөріністен олардың бірі әйел адамға ұқсайтыны байқалады.

Қылмыскерлер алғашқы супермаркетке түнгі он екі жарымда кірген. Дабыл қосылғанымен, олар өз әрекеттерін тоқтатпаған. Касса бос болғандықтан ақша ала алмаған екеу іргелес орналасқан тағы екі дүкенді тонайды.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында банкоматты жарып жіберген ұры ұсталды — видео

Қазіргі кезде құқық қорғау органының өкілдері қарақшыларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, келтірілген көлемі де есептелуде.



sputniknews.kz