Қарағандыда әкімнің ұлы смартфонмен ҰБТ-ға кірген

0
478

БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Қарағанды облысындағы аудандардың бірінде әкімнің ұлы смартфонмен отырып ҰБТ тапсырғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді.

БАҚ өкілдері Дидар Смағұлов жақында Қарағанды облысындағы әкімнің ұлы ҰБТ-ны смартфон ұстап тапсырғанын айтқанын еске салды.

«Мұны камералар түсірген, яғни, бейнежазба бар. Кабинетте кезекшілер болған, бірақ оған ешкім тиіспеген, дабыл қақпаған. Бәрі жанынан өтіп кеткен. Ал оның нәтижелерін қазір жоққа шығара алмайды, себебі өте кеш анықталған.

Осыған байланысты сұрақ: министрлік оқиғаға қатысты ішкі тексеріс жүргізіп жатыр ма, жауапқа кім тартылды, жанынан өтіп кеткен кезекшілер жазаланды ма, алдағы уақытта мұндай жайттың қалай алдын алмақсыздар?»,- деп сұрады тілшілер.

Дидар Смағұлов оқиғаның 2019 жылы болғанын түсіндірді.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету