Қарағандыда әкімдік жұмысшыларына оқ жаудырған шенеунік сотталды — новости Казахстана

0

Қарағандыда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім бастығына үкім шығарылды. Қазыбек би аудандық соты шенеунікті бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pikabu.ru

Көрнекі фото: pikabu.ru

«Сот сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабының 3-бөлігі 2-тармағында көрсетілген «атыс қаруын қолданумен жасалған бұзақылық» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот сотталушыға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады, барлық мерзімге пробациялық бақылау орнатылды», — деп үкім жариялады судья Саян Аққожин.

52 жастағы мемлекеттік қызметкер өз кінәсін мойындаған. Ол сотта ағаштарды негізсіз кесуден қорғағысы келгенін айтты.

Сондай-ақ, ол жанжал кезінде жұмысшылар жасыл желектерді кесуге рұқсат қағазын көрсетпегенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 2 қазан күні облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім бастығы өз үйінің алдында ағаштарды кескен әкімдік қызметкерлерімен ұрысқан болатын.

Кикілжің барысында 52 жастағы мемлекеттік қызметкер үйден қару алып шығып, жұмысшыларды қорқыту үшін аспанға оқ атқан. Мас шенеуніктің бұл әрекетінен зардап шеккендер жоқ.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz