Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген қаскөй ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Күдікті бұған дейін адам өлтіргені үшін сотталған. Алайда мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Қарағанды облыстық полиция департаментінде 3 жасар баланы өлтірген қылмыскердің қалай ұсталғанын айтты.

Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Ержан Файзуллиннің айтуынша, Игентай Сопыжанов, 9 қыркүйек, дүйсенбі күні түнгі сағат бірде ұсталған.  

«Сопыжанов жасаған қылмысын мойындады. Ол уақытша ұстау изолюторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Файзуллин.

Үш жасар баланы ұрлау оқиғасы

5 қыркүйек күні 23 жастағы Игентай Сопыжанов танысының баласын ұрлап әкеткен. Полицияның ақпаратына сәйкес, ол баланы анасының қолынан жұлып алып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Біраз уақыттан соң баланың денесі Шет ауданындағы Бұрма ауылының маңынан табылды. Күдікті бұған дейін баланың анасымен кездескен.

Күдіктінің қылмысы мен бостандыққа шығуы

Полиция Игентай Сопыжанов 2014 жылы (кәмелеттік жасқа толмаған) адам өлтіргені үшін сотталғанын хабарлады. Ол көз жұмған баланың туысы болатын. Бұл қылмысы үшін Сопыжанов тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.


©
Photo : Предоставлено ДП Карагандинской области

Күдікті осы жылдың ақпан айында ғана мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан

Қостанай облысы Әулиекөл аудандық сотының шешімімен Сопыжановтың жазасын өтеу мерзімі 9 жылдан 6 жыл 8 айға дейін қысқартылды. Ол осы жылдың ақпан айында бостандыққа шықты. Сопыжановқа Қостанай облысы түзету мекемесінің жақсы мінездеме бермегені ескерілмеген.

Тағы оқыңыз: Бизнесменнің бүкіл отбасын қырып салған: Алматыдағы қылмыстың мән-жайы

23 жастағы Сопыжанов Қарағандыға көшті. Ол Қарағанды қаласы Қазыбек аудандық полиция бөлімінде тіркеуге қойылды.

Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметтік тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Сопыжановтың қылмысының қайталануына жауапты тұлғаларға қатысты шара қолданылады.



sputniknews.kz