Қарағандыда 118 бағыттағы автобустарда электрондық билеттеу жүйесі іске қосылды

0
24 Желтоқсан 2018, 21:13 151 0

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Қарағандыда алғашқы валидаторлар 118-шы маршруттағы автобустарға орнатылды. Электрондық билеттеу жүйесі қазіргі таңда тестілік режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

2019-шы жылғы қаңтардан бастап оны барлық жолаушы тасымалдау қоғамдық көліктерінде орнату жоспарланып отыр.

«Қазір 118 маршруттағы автобустарда бір-бір терминалдан орнатты, және жүргізушіге планшет берілді. Тағы шамамен 200 терминалдар кедендік рәсімдеуден өтіп жатыр, себебі оларды Кореядан жеткізеді. 2019 жылдың қастарында терминалдарды барлық маршруттарға орнату басталады. Ол жұмыстар үш ай уақытты қажет етеді», — деді қала әкімдігінің жолаушы тасымалдау көлігі секторының меңгерушісі Ескендір Қибидолла.

Оның айтуынша, электрондық төлем карталарын әзірге қалалық әкімдік қызметкерлеріне берілген, ал оларды жаппай сату келесі жылдан басталады.

«Электронды карталары барлық жерлерде сатылатын болады: дүңгіршектер мен дүкендерде. Оларды толтыруға қатысты еш қиындықтар болмайды», — деп сендірді Ескендір Қибидолла.

Қарағандыда жолаушы тасымалдау маршруттарында 600-ге жуық автобустар қызмет етеді. Электронды билеттеу жүйесі қаламызда жеке инвестордың есебінен енгізіліп жатыр.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ