Қарағандыда 11 жастағы баланы қан-жоса етіп ұрып кетті

0

Оқиға пиццерияға тиесілі видеобақылау камерасына түсіп қалған

АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қарағандыда белгісіз біреулер пиццерияда орын беруден бас тартқан 11 жастағы баланы соққыға жықты. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«38 жастағы қала тұрғыны Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер оның кәмелетке толмаған баласына қаладағы пиццериялардың бірінде дене жарақатын салған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушысын анықтады», — деп жазды өңірлік ekaraganda.kz порталы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-тармағына («Адамдар тобы жасаған бұзақылық») сәйкес алдын ала тергеу басталды.

Астанада жүргіншілердің көз алдында әйелді ұрып-соққан ер адам ұсталды

Оқиға пиццерияға тиесілі видеобақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда жерге құлаған баланы теуіп жатқаны көрінеді. Қарда қанның ізі қалған.   

 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/