Қарағанды тұрғыны 27 млн теңге депозитін ала алмай жүр
Әйелі мен баласы және өзіне жалпы сомасы 27 млн теңге депозит ашқын қарағандылық Александр Ли енді өз ақшасын өзі ала алмай жүр.
Банк қызметкерлері ақшаның жоқ екенін айтып шығарып салған.
«Қазір мен 9 миллион теңге мөлшеріндегі депозитті жабуды талап еттім. Одан бас тартты. Ертең келіңіз, аз мөлшерде береміз деді. Содан бері бір жыл өтті. Азия Кредит Банкі. Банк тарапынан да, мемлекеттік органдар тарапынан да мәселе шешілмейді», — дейді салымшы Александр ЛИ.
Банк өз өз міндеттемелерін мойындап отыр. Мамандар әлі күнге дейін нақты уақыттын атай алмайды. Азия Кредит Банкінің басқа қаржы институтымен бірігуіне байланысты төлемдер ұзаққа созылды дейді олар.
Александр ақша алу процесі тым созылып кете ме деп қорқады. Сонымен қатар, қарағандылық жақында пәтер сатып алған екен. Оны депозиттік ақшадан төлеуді жоспарлапты. Қазір ер адам жаңа баспанадан айырылып қалуы мүмкін. Ол осы жағдайға мемлекеттік органдардан араласуды сұрайды.