Қарағанды облысының тұрғыны әйеліне SMS жазған еркекті сабап кетті

0
6

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында күдіктілердің бірі арыз түсірген азамат жұбайына көз салғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысында әйелін қызғанған жігіт досын ертіп барып Атасу кентінің тұрғынын сабап тастаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

11 мамырда Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 43 жастағы Атасу кентінің тұрғыны хабарласып, екі жігіттің үй ауласында соққыға жыққанын айтып арызданған.

Полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 32 жастағы Атасу кентінің тұрғындарын ұстады.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында күдіктілердің бірі арызданған азамат жұбайына көз салып, СМС арқылы кездесуге шақырғанын, сол үшін соққыға жыққанын мойындады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-тармағы (бұзақылық) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



sputniknews.kz