Қарағанды облысының тұрғыны әйелі мен қызын қағып кетті — Тосын жай

0

Ардак Нурмагамбет (14.11.2018 17:42):
передает Tengrinews.kz со ссылкой на пресс-службу Департамента полиции Карагандинской области.

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында қайғылы оқиға болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам алған жарақатынан қайтыс болды, ал оның қызы аурухханаға түсті. 

12 қарашада түнгі уақытта ер адам өз әйелі мен қызын қағып кетті. Қайтыс болған әйелдің жасы 36-да боғлан. Оның жеті жасар қызы ауруханада ауыр халде жатыр. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам оқиға орнында қайтыс болды, қыз бала әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр», — деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілдері.