Қарағанды облысының тұрғындары жаңа үйлеріне көшуде
«Бізге әкімшілік тарапынан көмек көрсетіліп жатыр, азық-түлік жағынан болсын, төсек орны болсын.Ешқайсымыз шетте қалмадық. Өзіміздің ұнатқан үйімізді алып беріп жатыр. Үйіміз төрт бөлмелі, есік алдындам бақшамыз бар. Қысқа мерзім ішінде бүкіл керек затымызды алып берді.»,- деп бөлісті жергілікті тұрғын.
Су тасқынынан зардап шеккен әр отбасы шетте қалмайтынын, әрқйсысы керекті азық-түлікпен қамтамасыз етілетіндерін Республика президенті Қасым Жомарт Тоқаев осыдан бір апта бұрын мәлімдеген.
Қарағанды облысындағы бүгінгі жағдай туралы kazakhstan.media Instagram парақшасында бейнежазба салды. Бейнежазбаны астыдағы сілтемеден өтіп көре аласыздар: