Қарағанды облысының әкімі Украина Елшісімен кездесті

0
18 Қараша 2018, 09:14 193 0

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Қазақстандағы Украинаның Төтенше және Уәкілетті Елшісімен кездесті. Ерлан Қошанов пен Иван Кулеба түрлі салалардағы екі жақтық серіктестіктің даму әлеуетін талқылады.Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Аймақ басшысы қонақтарға облыстың экономикалық мүмкіндіктері жайлы айтып берді. Бірінші кезекте аймағымыз индустриалды ірі аймақ екенін атап өтті. Экономиканың негізін қара және түсті металлургия, тау-кен өнеркәсібі мен машина құрастыру құрайды.

«Біздің аймақтың өнімдері әлемнің 50 астам елдеріне экспортталады, оның ішінде Украинаға да. Қарағанды облысының Украинамен сыртқы нарық айналымының көлемі жыл басынан бері 84 миллион теңгені құрады. Біз әрі қарай да өзара тиімді сауда-экономикалық әріптестікті жалғастыруға және дамытуға мүдделіміз» — деп қосты Ерлан Қошанов.

Бүгінгі таңда облыста украиндық капиталдың қатысуымен түрлі салаларда 255 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Иван Кулеба бірлесіп жүзеге асыруға болатын бизнес-жобалардың жаңа нұсқаларын ұсынды. Бұған қоса елші аймақ басшылығына құрметпен қарсы алғандары үшін алғысын білдірді.

«Біз сіздерге қонаққа қуана келдік. Ең алдымен мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бұл жерде 45 мыңға жуық украиндықтар өмір сүріп жатқанын білемін. Біз көптеген адамдармен кездесеміз, олар ерекше жылылықпен Қазақстандағы өмірлерін еске алады. Жәнеде оларға дәстүрлері мен мәдениетін сақтап қалуға мүмкіндік берілетіні біз үшін өте қуанышты жайт»,- деді ол.

Кездесу соңында аймақ басшысы Украинаның Төтенше және Уәкілетті Елшісіне облысымызға келгені және Қазақстан туралы жылы сөздер айтқаны үшін алғысын білдірді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ