Қарағанды облысындағы қанды оқиға: «Охотзоопром» инспекторын өлтіргендер ұсталды

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

212 0 0

Қылмыскерлер Қызылордадағы жеке тұрғын үйде ұсталған, деп мәлімет берді полиция

АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Қылмыстық полиция департаментінің жедел қызметкерлері «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деген үш күдіктіні ұстады. Олар Қызылордадағы арнайы операция кезінде қолға түскен, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігі.

«Қазір айғақтарды жинап, бекіту үшін іс-шаралар атқарылып жатыр. Үш күдікті уақытша ұстау абақтысында. Сотқа дейінгі тергеулер жалғасуда», — деп мәлімет берді ішкі істер министрлігі ішкі және сыртқы коммуникациялар департаменті директоры Алмас Сәдубаев.


©
Foto : ІІМ баспасөз қызметі

Күдіктілер солдан оңға қарай: Ахметов Б.М., Шукилдиков Н.М., Акшанов К.В.

Естеріңізге сала кетсек, 13 қаңтарда браконьерлер Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында «Охотзоопром» кәсіпорнының екі инспекторына оқ атқан. Салдарынан қорықшылардың бірі Ерлан Нұрғалиев жарақат алып, ауруханада көз жұмды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/