Қарағанды облысындағы елді мекен карантинге жабылады

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақмыс кәсіпорындарының бірінде коронавирус инфекциясы өршіді. Кен-байыту комбинаты орналасқан елді мекенде карантин күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысындағы Ботақара елді мекенінде 18 мамырдан бастап карантин күшейтіледі. Тұрғындар уақытша көлікпен жүре алмайды. Автобустар да уақытша тоқтатылады. 

Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Асқаров хабарлады.

«20 наурыз – 17 мамыр аралығында 245 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 146-сы жазылып шықты. Республикалық көрсеткіш бойынша өсім – 33,1. Күн сайын облыс бойынша өсім  – 5,4%, Бұқар жырау ауданында – 66%», – деді ол жергілікті Saryarqa телеарнасындағы тікелей эфир барысында.

Ботақара ауылында 10 адам COVID-19 жұқтырған, 205 адам науқастармен байланыста болғандар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз