Қарағанды облысындағы ауылды су басып жатыр – фото
Қысқа сілтеме алу
Аңғарынан асқан өзен суы ауылдағы 9 үйдің ауласын басып, екі тұрғын үйге кіріп кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Қарағанды облысындағы ауылдардың біріне су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті.
«29 наурызда Шет ауданындағы Қызылқой өзенінде су деңгейі көтеріліп, аңғарынан асып кеткен. Қызылқой ауылына су басу қаупі төнді», — делінген комитеттің хабарламасында.
Су ауылдағы тоғыз үйдің ауласын басып, екі тұрғын үйге кіріп кеткен.
©
Foto : Төтенше жағдайлар қызметі
Құтқарушылар аулаларды басқан суды айдап шығарып жатыр
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқару органдары аулалардағы суды айдап шығаруға кірісіп, Қызылқой өзені жағасына 1500 қап төседі: жалпы ұзындығы 600 метр, биіктігі 40 сантиметр. Өзендегі мұзды қолмен бұзып, ұсақтап жатыр.
©
Foto : Төтенше жағдайлар комитеті
Су әрі қарай жайламас үшін қаптар төселді
Облыс әкімі Ерлан Қошанов елді мекендегі су басу қаупіне қарсы шараларды бақылауға алды. 30 наурызда сағат 17:00 кезінде су деңгейінің төмендегені байқалды. Құтқарушылар халыққа су тасқыны кезінде не істеу керектігін түсіндіріп жатыр.
©
Foto : Төтенше жағдайлар комитеті
Су басу қаупіне ұшыраған елді мекенге облыс әкімі Ерлан Қошанов келді
sputniknews.kz