Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

0
116
24 Қараша 2018, 10:15 784 0

Фото: Ашық дереккөз

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 23 қараша күні сағат 15:00 шамасында «Қарағанды-Саран» тас жолының бойында «Фольксваген Транспортер» микроавтобусы мен жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан үш адам көз жұмды. Екі адам оқиға орнында жан тапсырса, тағы бір адам ауруxанаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Жол көлік оқиғасы орын алған уақытта автобуста 53 жолаушы, микроавтобуста 3 адам болған.

«Қарағанды-Саран» тас жолының бойындағы жол көлік оқиғасы Ақтас ауылынан 1 шақырым қашықтық жерде болған. Алдын ала болжам бойынша 50 жастағы «Фольксваген Транспортер» көлігінің жүргізушісі көліктің тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 56 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының иелігіндегі «Саран-Қарағанды» бағытындағы автобуспен соқтығысқан», — дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

​Жол көлік оқиғасының салдарынан «Фольксваген Транспортер» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қайтыс болды.

«Жолаушыларға көмек көрсету үшін оқиға орнына дәрігерлер мен құтқарушылар барды. Зардап шеккендерге Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері көмек көрсетті», — дейді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

​Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «Қарағанды-Саран» тас жолында болған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345 бабының 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

​«Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.​ Басқа ақпараттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», — дейді Б.Құдияров.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ