Home Жаңалықтар Қарағанды облысында жеті адам коронавирустан емделіп шықты

Қарағанды облысында жеті адам коронавирустан емделіп шықты

0
12

Республикада вирус жұқтырғандар саны 1661 науқасқа жетті, соның ішінде тоқсан адам Қарағанды облысында тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында 7 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Осылайша елімізде дертінен айыққандар саны 389 адамға жетіп отыр. Соның ішінде Қарағанды облысында барлығы он екі адам жазылып шыққан. Қазір бұл өңірде 90 адам коронавирус жұқтырды, бір адам көз жұмды.

Республикада 19 сәуір 12:10-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 1661 науқас індетке шалдықты. Он жеті адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 371
  • Алматы қаласы – 513
  • Шымкент қаласы – 62
  • Ақмола облысы – 82
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Алматы облысы – 41
  • Атырау облысы – 79
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Жамбыл облысы – 60
  • Батыс Қазақстан облысы – 46
  • Қарағанды облысы – 90
  • Қостанай облысы – 15
  • Қызылорда облысы – 147
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 22
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29
  • Түркістан облысы – 57.



sputniknews.kz