Қарағанды облысында жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды

0

Қарағандыда екі бөлмелі тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала сыртқа өздігімен шығып үлгерген. Көмірқышқыл газына уланған олар балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. 1964 жылы туған әйел де ауруханаға жеткізілген.

Құтқарушылар 2020 және 2022 жылы туған екі баланың денесін тапты. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысы Бұланды ауданы, Шұбарағаш ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, екі бала мерт болғаны туралы жазған едік.