Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қайтыс болды

0

Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Азаматтық  авиация комитеті.

«30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады. Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды. Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады», — делінген комитет хабарламасында.

Әуе апатынан қаза тапқандардың 1097 сағат ұшу тәжірибесі бар әуе кемесінің командирі (ұшқыш-нұсқаушы), Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты екені белгілі болды.

фото: ktk.kz