Қарағанды облысында шомылып жүрген бірнеше қыз суға батып кетті

0
57

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қаза болған қыздардың екеуі 17 жаста, кішісі – 13 жаста. Трагедияның мән-жайы анықталды

ҚАРАҒАНДЫ, 1 тамыз — Sputnik. Қайғылы оқиға Қарағанды облысындағы Сарысу өзенінде болды – үш жасөспірім қыз көз жұмды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ұлытау ауданында Жыланды ауылының маңында 31 тамыз күні болған.

Тағы оқыңыз: Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық не жағдай болғанын айтып берді

Рұқсат етілмеген жерде шомылып жүрген үш қыз суға батып кетті: олардың екеуі 2002 жылы, ал  біреуі 2006 жылы туған. Балалардың денесін судан жергілікті тұрғындар шығарды.

Қазаның мән-жайы анықталып жатыр.



sputniknews.kz