Қарағанды облысында шомылып жүрген бірнеше қыз суға батып кетті

Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Қаза болған қыздардың екеуі 17 жаста, кішісі – 13 жаста. Трагедияның мән-жайы анықталды
ҚАРАҒАНДЫ, 1 тамыз — Sputnik. Қайғылы оқиға Қарағанды облысындағы Сарысу өзенінде болды – үш жасөспірім қыз көз жұмды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ұлытау ауданында Жыланды ауылының маңында 31 тамыз күні болған.
Тағы оқыңыз: Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық не жағдай болғанын айтып берді
Рұқсат етілмеген жерде шомылып жүрген үш қыз суға батып кетті: олардың екеуі 2002 жылы, ал біреуі 2006 жылы туған. Балалардың денесін судан жергілікті тұрғындар шығарды.
Қазаның мән-жайы анықталып жатыр.
sputniknews.kz