Қарағанды облысында қыздарының зорланғанын жасырған әке-шеше жауапкершілікке тартылмақ

0
730
Сурет: ru.depositphotos.com

Қарағанды облысында оқиғаны жасырып келгені үшін 40 жастағы ер азамат зорлап, артынша жүкті болған қыздың ата-анасы қылмытық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс жайлы облыстық ПД басшысы Ерлан Файзуллин айтты. Оның сөзіне сүйенсек, іс бойынша бір адам күдікті ретінде қарастырылуда.

«Бұл іс менің жеке бақылауымда. Күдікті ұсталып, абақтыға қамалды. Қазір күдікті біреу-ақ. Дегенмен тергеушілер қылмысты жасырмақшы болғандарға қатысты талқылауда. Олардың әрекеттеріне қылмыстық баға беріледі, тіпті, олар жауапкершілікке тартылуы мүмкін», – деді Файзуллин. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында оқушыны зорлады деген күдікке өзін ауыл имамы деп таныстырған азамат ілінгені жайлы айтылған еді.