Қарағанды облысында пәтерден шыққан өрттен үш жасар қыз бала қайтыс болды
Бүлдіршіннің анасы «Күйік шалу және улы газбен улану» диагнозымен ауруханаға жеткізілді.
Қарағанды облысы Сәтпаев қаласындағы екі қабатты үйдегі пәтер өртеніп кетті. Бөлмеден шыққан өрттен үш жасар нәресте қаза тауып, оның анасын күйіп шалып және улы газбен уланып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
«29-қаңтар күні сағат 05.22 Қарағанды облысы ТЖД «101» пульт нөміріне Сәтпаев қаласы Байқоңыров көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны жайлы хабар келіп түсті. Өрт бірінші қабаттағы пәтерден шығып, сегіз шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалын сағат 05.52 ауыздықталып, сағат 06.12 толық сөндірілді. Оқиға орнында 2015 жылы туылған қыз баланың күйіп кеткен денесі табылды. Сонымен қатар, өрттің нәтижесінде денесін күйіп шалып, улы газбен уланған 1988 жылғы әйел адам ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД өкілдері.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Тілсіз жаумен күресуге жеке құрамның 22 маманы мен 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/