Қарағанды облысында өз-өзін атып алған сарбаздың отбасы мәлімдеме жасады

0
31

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Мағжан Тұрсынқұлдың туыстары жұрттан желіде жалған ақпарат таратпауды өтініп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы нөмірі 44841 әскери бөлімінде сарбаздың өз-өзіне оқ атуына  байланысты тексеру жүріп жатыр.

Мағжан Тұрсұнқұлдың отбасы ол қарумен ойнап отырып шүріппені абайсыз басып алғанын айтады. Сонымен қатар, жұрттан желіде жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірмеуді сұраған жазба жариялады, деп хабарлайды КТК.

«Ол ауруханаға жеткенде, әлі есін білген. Дәрігер «қанша оқ аттың?» деп сұраған. «Бір оқ аттым, байқаусызда» деп айтқан. Блогерлер де, бәрі жазып жатыр. Отбасымызға ауыр болып тұр. Ондай нәрселерді доғарыңыздар. Інім өзін байқаусызда атып жіберді. Былай бәрі жақсы, Алла қаласа, бәрі жақсы болып кетеді», – деді сарбаздың туысы Рахман Қуанышев.

Тағы оқыңыз: Өз кеудесіне екі рет оқ атқан: анасы әскердегі ұлының суицид жасағанына сенбейді

Мағжан Тұрсынқұл әскерге биыл мамырда Атырау қаласынан шақыртылған. Приозерск қаласындағы әскери бөлімге түсіп ант қабылдағанда, туыстары барып көңіл-күйінің көтеріңкі екенін көріпті.

Олардың айтуынша, кеше ол қарауылға түскен. Оқу-жаттығу мерзімі бітіп, енді ғана қару ұстап жүрген бала оны қызықтап ойнағанға ұқсайды. Оқ атылған кезде ғана қарауыл басшысы жүгіріп келіп, сарбазға алғашқы көмек көрсеткен. Жедел жәрдеммен бірден қаладағы ауруханаға жөнелтіліпті. Атылған оқ сарбаздың өкпесін жаралаған. Жағдайы ауыр.



sputniknews.kz