Қарағанды облысында оққа ұшқан қорықшының аман қалуы мүмкін бе еді

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қарағанды облысында браконьерлер екі инспекторды жаралап, біреуі көз жұмған еді

АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлер қарағандылық қорықшыны құтқару үшін бар күшін салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі.

Журналистер министрден қайғылы оқиға болған күні тікұшақ жіберу шынымен мүмкін болмады ма деп сұрады. 

«Бүгінгі техникалық мүмкіндіктерге қарағанда, түнде және ауа райына қарай ұшуға байланысты қиындықтар болады. Ең алдымен, қауіпсіздік мәселесі. Өкінішке қарай, өзіміздің тарихымызда тікұшақ жіберіп, дәрігерлер мен науқастан айырылып қалған қайғылы жағдай бар», — деді ол кулуарда. 

Біртанов мұндай жағдайда жергілікті жедел жәрдем стансалары тартылатынын атап өтті. 

«Науқастарды аудандық ауруханада күткен едік. Бригада хабар берілді. Алайда олар тікелей қалаға жүріп кетуді жөн көрген. Тиісінше, уақыт жоғалтып алды. Біз қаладан көлік жіберіп, қалаға кірер жолда күтіп алдық», — деп түсіндірді министр. 

Осы кезде БАҚ өкілдері Біртановтан дәрігерлер қанша уақыт жоғалтқанын сұрады.

«Меніңше, осынша сағат жоғалттық деп айтуға болмайды. Қайғылы оқиға айдалада болғанан кейін, тікелей жеткізуге техникалық мүмкіндік болған жоқ», — деді ол. 

Ал реанимобиль жіберсек, одан да көп уақыт өтер еді дейді ол. 

«Мұндай жағдайда уақыт жоғалтпас үшін өз күшімен жеткізе бастағаны дұрыс болған шығар. Оның үстіне, оқиға айдалада болды. Бізде далада аурухана жоқ, аудандық ауруханалар бар», — деді Біртанов. 

Министр науқастың жарақаты ауыр болғанын, дәрігерлер құтқаруға бар күшін салғанын айтты.

«Барлық қызмет қолдарынан келгенін аянып қалмады. Біз барлық мүмкіндікті пайдаланып, науқасты құтқаруға күш салдық. Өкінішке қарай, пациент көз жұмды», — деп түйіндеді ведомство басшысы. 

Еске сала кетсек, 13 қаңтарда Қарағанды облысы аумағында инспекторларға браконьерлер шабуыл жасады. Инспекторлар күдік туғызған автокөлік пен құжаттарды тексергелі жатқанда, браконьерлер қарсылық көрсеткен. Салдарынан «Охотзоопромның» екі инспекторы ауыр жарақаттанып, бірі елордалық ауруханада көз жұмды. Кеше қылмысқа қатысы бар үш ер адам ұсталды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/