Қарағанды облысында коронавирустан көз жұмған ер адам ауруханада 19 күн жатқан

0

Қазақстанда коронавирус індетінен жиырма алтыншы адам қайтыс болғаны хабарланды, ол Қарағанды облысының тұрғыны

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған ер адам туралы ақпарат таратты.

1958 жылы туған ер адам Шахтинск қаласының тұрғыны.

Ол 5 сәуірде провизорлық ауруханаға пневмония диагнозымен түскен.

«14 сәуірде ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың шешімі бойынша науқас Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Ер адамда COVID-19 расталды, екіжақты пневмония анықталды», — делінген хабарламада.

Науқас ауруханада 19 тәулік жатып, емделді.

Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, ер адам үшінші мамырда көз жұмды, деп хабарлады денсаулық басқармасы.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 877 адам анықталды, 995 науқас жазылып шықты.



sputniknews.kz