Қарағанды облысында ерлі-зайыпты балконмен бірге құлап кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Зардап шеккен екі адам да аман қалды, ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Үйдің тозығы жеткені белгілі болды

АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Балқаш қаласының маңындағы Шашубай ауылында үйдің балконы үстінде тұрған адамдармен бірге құлап кетті, деп хабарлады «КТК» телеарнасы.

Төтенше жағдай болған үйдің тозығы жеткені белгілі болды. Ер мен әйел бір уақытта балконға шығып, екі адамның салмағын көтере алмаған балкон құлаған. 

Салдарынан 46 жастағы ер адамның миы шайқалып, көкірек қуысы соғылды, бауыры жарылды. Оның 36 жастағы әйелінің көкірек қуысының зақымданып, шынтақ сүйектері сынып, беті жараланды.

Төтенше жағдай әзірге жазатайым оқиға деп бағаланып отыр.



sputniknews.kz