Қарағанды облысында екі жүк көлігі Газельді жаншып тастады – жантүршігерлік суреттер

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Автокөліктің ішінде жүргізуші мен жолаушы отырған, екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Жол апатының себептері анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан – Теміртау тас жолында апат болып, салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

«Фотон» автокөлігі екі жүк көлігінің арасына қысылып қалды. Жол апаты салдарынан екі адам –»Фотон» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», — делінген хабарламада.


©
Photo : КазАвтоЖол

Автокөліктің ішінде жүргізуші мен жолаушы отырған, екеуі де оқиға орнында көз жұмды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, оқиға орнында он үш техника жұмыс істеп жатыр. Апат болған жол құрғақ әрі таза.

  • Қарағанды облысында болған жол апаты

    Қарағанды облысында болған жол апаты


    ©
    Photo : КазАвтоЖол

  • Қарағанды облысында болған жол апаты

    Қарағанды облысында болған жол апаты


    ©
    Photo : КазАвтоЖол

1 / 2


©
Photo : КазАвтоЖол

Қарағанды облысында болған жол апаты

Қайғылы оқиға 14 ақпан күні таңертең елордаға бара жатқан жолда болған.



sputniknews.kz