Қарағанды облысында бес жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті — Қазақстан жаңалықтары

Қарағанды облысы Теміртау қаласында бес жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Оқиға 8 сәуір күні таңғы сағат 8-де Теміртау қаласында орын алған. 2015 жылы туған бала 4-ші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап түсіпті. Қазір ол ауруханада жатыр.
«Бала келіп түскен сәттен бастап жағдайы ауыр, тұрақты. Хирург, травматолог және реаниматолог қарап шықты. Бас сүйек-ми жарақатын алған, самай сүйегі соғылып, сынған. Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға ауыстырылды», — делінген ресми хабарламада.
Бұған қоса Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті жағдайдың себебін ересектер мен ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы деп түсіндірді. Сондықтан құтқарушылар балалардың бақылаусыз қалдырмауға шақырып, қауіпсіздік шараларын мұқият сақтауға кеңес берді.
stan.kz