Қарағанды облысында автобус шығаратын зауыт салынады

0

Зауытта жылына 1 200 автобус және 500 арнайы техника шығарылады деп жоспарлануда. Өнімдер ЕАЭО елдеріне экспортталады

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысының Саран қаласында «Yutong» маркалы автобустар мен арнайы мамандандырылған техника шығаратын зауыт салынады.

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің өңірге сапары аясында тиісті меморандумға қол қойылды.

«Инвестиция көлемі шамамен 23 миллиард теңгені құрайды, 1 100 жаңа жұмыс орны ашылады, жылдық жобалық қуаттылығы – 1 200 автобус және 500 дана арнайы техника», – деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.  

Бұл ҚР ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өнімдерді ЕАЭО елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Өзбекстан арзан автобустар мен жүк көліктері өндірісін іске қосты 

Сонымен қатар үкімет басшысы «Сарыарқа» АЭА-ға барып, онда «Steel Manufacturing» ЖШС патрон зауытының бірінші кезегін іске қосты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз