Қарағанды облысында адасып кеткен екі адам құтқарылды
Қарағанды облысында қолайсыз ауа райында екі ауыл тұрғынына іздеу салынып, аман-есен құтқарылды деп жазады NUR.KZ тілшісі.
Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланғанына қарамастан азаматтардың алыс сапарға шығу жайттары жалғасуда.
Алғашқы жағдай 31 қаңтар күні болған. Қарқаралы ауданының 55 жастағы тұрғыны мал іздеуге атпен шығып, жоғалып кеткен. Бір тәуліктен кейін уайымдаған туыстары төтенше жағдайлар көмитетіне хабарласқан.
Құтқарушылар жергілікті орындаушы орган қызметкерлерімен бірге іздеуге аттанған. Ер адам бірінші ақпанның кешінде Нуркен елді мекені маңынан табылды.
Құтқарылған адамға медициналық көмек қажет болмаған.
Ұлытау ауданында да дәл осындай жағдай екінші ақпан күні орын алған. 50 жастағы ер адам трактормен Надырбай қыстауынан Жезды ауылына қарай кеткен күйі жоғалып кеткен.
Құтқарушылар мен туыстары үш сағаттан кейін ер адамды аман-есен тауып алды.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz