Қарағанды облысында 3 жасар қыздың денесі табылды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Полицияға баланың қазасы туралы жергілікті тұрғын хабарлады. Қызды өлтірді деген күдікпен оның анасы ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының полициясы 34 жастағы әйелді құрықтады. Оның пәтерінен үш жасар баланың пышақталған денесі табылды.

«Жиырма жетінші қараша күні сағат 15:00 шамасында Сәтпаев қаласы полиция бөлімшесінің кезекшісіне 43 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Ол пәтерінде пышақталған үш жасар қыздың денесі жатқанын айтты. Жедел тергеу тобы оқиға орнына келіп, бұл фактіні растады», — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары баланың денесін тапқан кезде, үйде пәтер иесі – әйел мен онымен бірге тұратын, полицияға хабарласқан ер адам болды. Екеуі де мас болыпты.

Тағы оқыңыз: Алматыда ер адамның екі жасар өгей ұлын не үшін өлтіргені белгілі болды

Тергеу барысында қыздың анасы ұсталды. Полицейлер Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99 – бабы, 2 – тармағы – «адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша 15-20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Істі тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тиісті сараптамалар жүргізіледі.



sputniknews.kz