Қарағанды облысында 27 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағанды облысында 27 жыл бұрынғы жол апатына себепкер болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күніне 2 854 теңге: Қазақстанда зейнеткерлер мен өмір бойына сотталғандар бірдей қаражатқа өмір сүреді

1993 жылғы 6 қарашада «Алматы-Екатеринбург» тас жолында 28 жасар «КамАЗ» жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Москвич» автокөлігімен соқтығысқан және оқиға орнынан бой тасалаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Москвич» жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. 

Полиция қызметкерлері жүк көлігінің жүргізушісі іздеу жариялаған.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің «Автокөлікті, троллейбусты, трамвайды немесе басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

2020 жылдың 1 наурызында Қарағанды облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Мәскеуде аталған қылмысты жасаған күдіктіні ұстады. Ер адамның (қазір 55 жаста) Мәскеуде жалған құжаттармен тұратындығы анықталды.

Күдікті Ресей ІІМ-нің Очаково-Матвеев ауданы бойынша тергеу изоляторына қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы шешіледі.

 

stan.kz