Қарағанды облысы тұрғындарына 40 градус аяз болатынын ескертті

0

Қарағанды облысында тұрғындарды алдағы күндері қатты аяз тұрып, кейбір жерлерде ауа температурасы минус 40-42 градусқа дейін төмендейтінін ескертті. «Қазгидромет» мекемесінің болжамынша, облыста қатты аяз 26-27 желтоқсан күндері қысады.

Облыс тұрғындарына SMS арқылы 25 желтоқсанда да аяз тұратынын ескертті. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент осыған байланысты қалалар мен аудандық әкімдіктерден тұрғындарға алдын ала хабарлап, оқыс оқиғаларды болдырмау шараларын жасауға шақырды.

Бүгін Теміртауда аяздың күшеюінен мектептерде сабақ тоқтатылды.

Дереккөз: Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз