Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды

0

Шенеунік мүгедектерге бөлінген қомақты қаржыны жымқырған

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бөлінген 36 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Ол облыстағы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларымен келісіп, облыстағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды арнайы көліктермен қамтамасыз етуге бөлінген 36 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», -деді ол ұлттық бюрода өткен брифингте.

Арман Бердалиннің айтуынша, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары техникалық сипаттама талаптарына сәйкес келмейтін, әрі қымбат бағада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кресло-арбаларды жеткізумен айналысқан.

«Сот санкциясымен күдікті және оның 3 сыбайласына қатысты күзетпен ұстау бтүрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр», — деді директор.



sputniknews.kz