Қарағанды маңында орын алған ұшақ апаты жайлы толық ақпарат жарияланды — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР қорғаныс министрлігі Қарағанды облысында құлаған әскери ұшақ жайлы толық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әскери ұшақ

Қазіргі уақыттағы ақпаратқа сәйкес Қарағанды қаласы маңында  апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник А. Құрманғалиев пен подполковник И. Гаврилконың басқарғандары белгілі болды.

Олар тәжірибелі әскери ұшқыштар. А. Құрманғалиевтің жалпы ұшу уақыты 888 сағат болса, ал И. Гаврилконыкі -1161 сағатты құрайды.

Апат орнына  Қазақстан әскери-әуе күштерінің жердегі іздестіру-құтқару қызметі бірінші болып келген.

Ұшқыштарға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар Қарағанды қаласының ауруханасына эвакуацияланды.

Қазіргі кезде ұшқыштарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер біреуінің жағдайын қанағаттанарлық, екіншісінікі орташа ауырлықта деп баға беруде.

Қорғаныс министрлігінен тағайындаған комиссия авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Апат орнына әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы мен Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы ұшып кетті.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған ұшақ 1991 жылы шығарылған болатын. Бұл  МиГ-31 ұшағының Қазақстандағы төртінші рет апатқа ұшырауы. Бұдан бұрынғы оқиғалар 2007, 2008, 2013 жылдары орын алған болатын.

Еске салайық, бұған дейін дәрігерлер әскери ұшақ пилоттарының жағдайы туралы айтып кеткен болатын. 

stan.kz