Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков екі жылға сотталды.
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық соты қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков пен «ҚазМегаСтрой» құрылыс компаниясының директоры Ермек Қасеновке қатысты қылмыстық істі қайта қарады.
Бұл қылмыстық іс 2020 жылдың қыркүйегінде қозғалған болатын. Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары мен кәсіпкерге екі көпқабатты үй салуға арналған 120 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды, деген айып тағылған еді.