Қарағанды аялдамасында автобус күтіп тұрған жолаушы тіл тартпай кетті — новости Казахстана
Қарағанды орталығында автобус аялдамасында 30 жастағы ер адам қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.
Оқиға бүгін, 30 қаңтар күні болған. Ер адамның жағдай кенет нашарлап кеткен. Куәгерлер жедел жәрдем шақыртқан. Алайда оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері азаматтың қайтыс болғанын мәлімдеген.
«Ер адам жедел жәрдем жеткенше жүріп кеткен. Оған реанимобильде тиісті реанимациялық шаралар жасалған. Бірақ одан еш нәтиже шықпаған», — деп мәлімдеді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында.
Ер адамда тромб үзілді деген болжам бар.
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам Қарағанды облысының Сарань қаласының 30 жастағы тұрғыны болған.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz