Қарабалта қаласында атыстан екі адам жараланды

0
Қарабалта қаласында атыстан екі адам жараланды


Қырғызстанның Қарабалта қаласында атыс болып, милиция қызметкері мен күдікті ауруханаға түсті.

Шу облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Назир Имангазиевтің айтуынша, бұл оқиға 18 қарашада таңертең болған. Криминалдық милиция мен арнайы жасақ қызметкерлері күдіктіні ұстауға барған. Күдікті қарсылық көрсетіп, қару қолданған.

Соның салдарынан «Шумкар» арнайы жасағының бір қызметкеріне оқ тиді. Қолға түскен күдікті жараланды. Қазір олар ауруханада жатыр. Жайыл аудандық тергеу тобы қылмыстық іс қозғады.

Жараланған екі адам Шу аудандық ауруханасына жеткізілген, кейін олардың біреуі Бішкекке ауыстырылған. Милиция қызметкерінің денсаулық жағдайы туралы мәлімет берілмеді.

Дереккөз: centralasian.org