«қара жәшік» Мәскеуге берілетін болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Берік Қамалиев президенттің тапсырмасына сәйкес, ұшақ апатынан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Алматы маңында құлаған ұшақтың «қара жәшігі» Мәскеу мемлекетаралық авиация комитетіне берілетін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Берік Қамалиев Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты министрлік атынан көңіл айтты.

Вице-министр Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ұшақ апатынан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Ұшақ екі рет ұшып-қону жолағына соғылған

Вице-министрдің айтуынша, «Алматы – Нұр-Сұлтан» рейсін орындауға шыққан Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы ұшу төмендігін жоғалтып алған.

«Салдарынан темір қоршауға соғылып, ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 98 адам болған. Оның ішінде 9 бала мен 5 экипаж мүшесі бар. Апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар екенін білесіздер. Комиссия ұшып-қону жолағында ұшақтың артқы бөлігі екі рет жерге тигенін анықтады. Екеуінің арасы 300-400 метр болған», — деді Берік Қамалиев.

«Кейін ұшақ «ұшу режиміне» байланысты көкке көтеріліп, оңға бұрылған. Салдарынан ұшақ қоршауға және үйге соғылды. Онда ешкім болмаған. Апаттан ұшақ екіге бөлініп кетті», — деді ол.

Берік Қамалиев ұшақ апатына қатысты тергеу қалай жүргізіліп жатқанына тоқталды. Ол ұшақтың «қара жәшігі» Мәскеуге берілетінін атап өтті.

«Кеше вице-премьер Роман Скляр комиссия отырысы барысында мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасымен сөйлесті. Бүгін кешке 18:40-та Мәскеуден сарапшы ұшып келетін болды. Оқиға орнында тергеу органы жұмыс істеп жатыр. Ертең ұшақтың «қара жәшігінің» расшифровкасын Мәскеудегі мемлекетаралық авиация комитетіне береміз», — деп түйіндеді сөзін вице-премьер.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға 27 желтоқсан күні таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 12 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Жұмадағы трагедия: Алматы түбіндегі ұшақ апатының хронологиясы 

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.



sputniknews.kz