Қара нанды кімдерге жеуге болмайды: Маман кеңесі
Қара нанды жегенде абай болу керек, өйткені оның кейбір түрлері қандағы қант деңгейінің жоғарылауын тудыруы мүмкін.
5 желтоқсанда диетолог Майкл Мосли осындай мәлімдеме жасады.
Әдетте екінші типті қант диабетімен ауыратын науқастарға ақ нанның орнына қара нан ұсынылады.
Маман дүкенде сатылатын қара нанның көптеген түрінде оның дәмін жақсартатын және қандағы қант мөлшерін арттыратын түрлі қоспалар бар екенін айтты.
Оның пікірінше, қант диабетімен ауыратын адамдар үшін нанды емес, тұтас дәнді дақылдарды (қара бидай, арпа, қоңыр күріш, қарақұмық), сондай-ақ бұршақ дақылдарын жеген әлдеқайда пайдалы.
Бұл тағамдарда қанттың тез ауытқуын тежейтін күрделі көмірсулар және ішек микрофлорасын демейтін жасұнықтар бар.
Сонымен бірге тәттілерді, торттарды, жеміс шырындарын және газдалған сусындарды тұтынуды барынша азайтқан жөн.
Ғалымдар аш қарынға жұмыртқа жеуді әдетке айналдыру қант диабетіне дейінгі немесе 2 типті қант диабетімен ауыратын адамдардың қанындағы глюкоза деңгейін жақсартуы мүмкін екенін анықтады.
Екінші типті қант диабеті – инсулиннің тіндік жасушалармен өзара әрекеттесуі бұзылған жағдайда пайда болатын созылмалы метаболизм ауруы. Қант диабетінің бұл түрімен ауыратындардың басым көпшілігі артық салмақтан зардап шегеді.