«Қара бұлттан кейін сәулелі күн шығады деуші еді»: Ләйла Сұлтанқызы сүйінші жаңалығымен бөлісті
Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы «Әлі де ес жия алмай келе жатқанымды жақсы білесіздер ғой. Бірақ қара бұлттан кейін сәулелі күн шығады деуші еді», деп жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz медиа-порталы Ләйла Сұлтанқызының желіде жариялаған жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Естеріңізде болса, жыл басынан бері Эко орталықпен бірігіп, 4 келіншекке тегін эко жасатып едік. Төртеуінің екеуі Өскеменнен, екеуі басқа өңірдікі. Үнемі байланыстамыз. Арасында сіздермен де бөлісіп тұратыным бар еді. Кеше қыздар хабарласып, Оралдық Жаннаның декреттік демалысқа шыққанын айтты. Қазір 30-шы аптада. Қырық жасында бала сүю бақыты бұйырған Бұлбұл отбасымен шағын гендер-пати ұйымдастырыпты. Төртеуінің үшеуі ана атануға дайындалып жүр. Жаңа өмірдің бастауына себепші еткен Аллаға мың шүкір», — деген.
Және алда кірісетін осы сынды жоспарларымен бөліскен.
«Өзімді осындай игі істермен, жұмыспен алдамасам, еңсемнің өздігінен көтерілетін түрі жоқ», — дейді Ләйлә Сұлтанқызы.