Қар жауып, жел күшейеді. Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

0
44

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда демалыста күн жылы болады. Елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғары болады.

Қазгидромет мәліметінше, 16-17 қаңтарда республиканың батысы мен солтүстігіне Жерорта теңізі циклоны әсер етеді.

«Ауа райы тұрақсыз болады — кей жерлерде жауын болады: батыста қар аралас жаңбыр, солтүстікте қар және кей жерлерде жел күшейіп, қар жауып, ауа температурасы жоғарылайды», — делінген хабарламада.

Батыста кей жерлерде көктайғақ болады. Қазақстанның өзге өңірлерінде жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман болуы мүмкін.

Еске салайық, 15 қаңтарда еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.